Мазмұнға өту

Ә (кирил)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
  Қазақ кирил әліпбиі  
-{Аа}- -{Әә}- -{Бб}- -{Вв}- -{Гг}- -{Ғғ}- -{Дд}-
-{Ее}- -{Ёё}- -{Жж}- -{Зз}- -{Ии}- -{Йй}- -{Кк}-
-{Ққ}- -{Лл}- -{Мм}- -{Нн}- -{Ңң}- -{Оо}- -{Өө}-
-{Пп}- -{Рр}- -{Сс}- -{Тт}- -{Уу}- -{Ұұ}- -{Үү}-
-{Фф}- -{Хх}- -{Һһ}- -{Цц}- -{Чч}- -{Шш}- -{Щщ}-
-{Ъъ}- -{Ыы}- -{Іі}- -{Ьь}- -{Ээ}- -{Юю}- -{Яя}-

Ә — қазіргі қазақ әліпбиіндегі екінші әріп, ауыздың мол ашылып, тіл мен иектің төмен түсуінен пайда болатын жіңішке ашық дауысты,езу дыбысының таңбасы. Ә - А мен Е-нің арасындағы бір дыбыс. Көп әліпбилерде Ә әрпі Е нің қасында қойылған. Бұрыңғы қазақ әліпбилерінде де Ә Е - ден кейін тұрған. Көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылады, екінші буында "А" фонемасымен ауысып, акустика жағынан көмескіленеді. Сондықтан қазақ тілінің жазу жүйесі бойынша екінші буында Ә дудамал естілгенде А жазылады (мысалы, кітап, Сәбира). Ә негізінен араб, парсы тілдерінен енген сөздердің бірінші буынында айтылады. Соған орай, қазақ тілінде кейбір түркі тілдерінде Ә дыбысының қалыптасуы шығыс тілдерінен келген сөздердің артикуляциялық ыңғайласуына байланысты деген пікір бар. Алайда әкел (алып кел), әпер (алып бер) тәрізді сөздердің құрамындағы Ә - ассимиляцияның нәтижесі. Ә қосымшалар құрамында қолданылмайды[1][2].

Басқа тілдердің әліпбилерінде қолдануы:

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
Әліпби№IPA
қазақ әліпбиі2æ
татар әліпбиі2æ
башқұрт әліпбиі40æ
қалмық әліпбиі2æ
дунган әліпбиі8ɤ
әзірбайжан әліпбиі7æ
түрік әліпбиі36æ
кето әліпбиі33-
күрді әліпбиі8ɛ
абхаз әліпбиі—

Дереккөздер

[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
  1. ↑ Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том
  2. ↑ Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ., Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика, А., 1962